07:41 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
күз

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
270 0 0

5-7 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Алдағы күндері кейбір өңірлерде күн жылынады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

"Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық ауа ағыны Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысады. Оның орнына Қазақстан аумағына Еділден антициклон келеді", — деп хабарлады Қазгидромет. 

Осы антициклонның ықпалымен алдағы үш тәулікте батыс облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. 

"Республиканың басқа аумағында, антициклонның шығысқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашын тоқтайды. Бірақ ауа температурасы 7 қазан күні және тек оңтүстік облыстарда жоғарылауы ықтимал", — дейді синоптиктер.


Басты тақырыптар