Өңірлер

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейіп, оңтүстік өңірде шаңды дауыл болады

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қазақстан территориясының көп бөлігінде жауын-шашын болмай, күн ашық болады. Тек еліміздің батыс өңірінің жер-жерлерінде түнде және таңертеңгі уақытта шамалы жаңбыр жауады. Солтүстік және шығыс аумақтарда түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші — 20-25 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейіп, 15-20 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. 
Жаңалықтар
0