04:03 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Автокөлік кюветке шығып кетті

Алматыда көлік жолдан шығып кетіп, канал қоршауына соғылды

© Foto: Предоставлено очевидцами
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
25 0 0

Автокөлік арықтың үстінен өтіп, суға құламай, қоршауға соғылған

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Алматыда Жаңажол және Жанқожа батыр көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік жол шетіндегі жыраға "ұшып" кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне оқиға куәгерлері.

Mitsubishi Galant маркалы көлік Жанқожа батыр көшесі бойымен жүріп келе жатып, Жаңажол көшесінің қиылысына дейін жеткен. Бұл екі көшенің қиылысқан жерінде Т-белгісіндегі жол айырығында автокөліктерге оңға немесе солға қарай Жаңажол көшесіне бұрылуға мүмкіндік беріліп, тік жүруге тыйым салынады. 

Жүргізуші белгісіз себептерге байланысты Жаңажол көшесіне қарай бұрылмай, қатты жылдамдықпен жолдың шетіне соғылып, арық пен жаяужолдан асып өтіп, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының шетіндегі қоршауға соғылады.

  • Автокөлік жолдың шетіне шығып кетті
    Автокөлік жолдың шетіне шығып кетті
  • Автокөлік жолдың шетіне шығып кетті
    Автокөлік жолдың шетіне шығып кетті
  • Автокөлік жолдың шетіне шығып кетті
    Автокөлік жолдың шетіне шығып кетті
1 / 3
Автокөлік жолдың шетіне шығып кетті

Басты тақырыптар