10:30 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Адам толған автобус

Шымкенттің шеткі аудандарының тұрғындары оқшауланып қалды

© Sputnik / Ксения Воронина
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Қалаға қосылған шағын аудан тұрғындары қалаға жету үшін автобус аялдамасында сағаттан тұруға мәжбүр

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Шымкенттік Жаңаталап шағын ауданының тұрғындары қалаға жету қиындығына қатысты қарсылық ретінде жолдарды жауып тастады. Жолға кететін шығын алшақ жатқан аудандары тұрғындарының еңбек ақысынан асып үседі, деп жазады аймақтық "Отырар" басылымы. 

Халқы тығыз орналасқан шағын аудан бұған дейін саяжай қонысы болды. Қалаға қосылғанымен, бұл жерден қала орталығына қарай бір ғана бағыттағы автобус қатынайды. Адамдардың айтуынша, бұл бағыттағы автобустардың саны тіптен аз: олар сирек келеді де, адам толып, тоқтамай да кетеді.

Кей жағдайда автобусты сағаттан күтіп тұратыны да бар. Жаңаталап тұрғындары өздерінің жұмыстарына және балаларының оқуға кешігіп баруына қатысты, наразылықтар туындайтынын да алға тартты. Біраз адамдар таксимен қатынайды, бұл жолақысының қымбатқа шығуына жол береді.

Шымкент әкімдігі бұл мәселенің қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызды бағыттардың жеке тізімі жасалып жатыр. Оның ішінде Жаңаталап шағын ауданы да бар.  Билік өкілдерін жақын арада бұл шағын ауданға тағы бір автобус бағытын жіберетінін мәлімдеді. 

Басты тақырыптар