07:31 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жансүгіров-Жұмабаев қиылысындағы жол апаты

Алматыда болған жол апатында жүкті әйел зардап шекті

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
49 0 0

Жол апатына себеп болған жағдай қауіпті бұрылу мен су құятын көліктен кейінгі асфальттың ылғалдылығы болуы мүмкін

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Алматыда екі кейін жүкті әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне оқиға куәгерлері.

Жол апаты Жансүгүров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған. Toyota Corona Exiv жүргізушісі Жансүгіров көшесімен келе жатып, Жұмабаев көшесіне қарай солға бұрылмақшы болады. Алайда, бұрылыс жасау кезіндегі қауіпсіздікті ескермейді. Дәл осы сәтте рқарсы бағытта Жансүгіров көшесі бойымен Honda Inspire автокөлігі қозғалып келе жатқан. Honda автокөлігінің жүргізушісі апаттық жағдайды байқап қалып, көлік тежегішін бірден басқанымен, жол төсемесінің ылғалды болуына байланысты тоқтай алмай, Toyota автокөлігіне барып соқтығысады.

Соққының салдарынан Exiv көлігі жақын аралықта жүріп бара жатқан KIA Rio көлігін де соғады.
Жол апаты салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен Honda көлігінің жолаушысы зардап шекті. Exiv көлігінде болған жүкті әйел бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

Басты тақырыптар