08:01 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Мұратхан Тоқмәди

Алматыда белгілі бизнесмен Тоқмәди сотталды

© Foto: Аккаунт Джамили Аимбетовой-Токмади в Facebook
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Мұратхан Тоқмади ісі (8)
135 0 0

Мұратхан Тоқмәди бопсалаушылық пен қару мен оқ дәріні заңсыз сақтауға қатысты айыпталды

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Алматыда белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде сотталушы мен прокурор арасында өзіне тағылған айыпты мойындау түріндегі процессуалдық келісім орнады. 

Келісімге келген соң, тараптар ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлімінің 2-пунктіне және 194-бабы 3-бөлімінің 2-пункті бойынша айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот процессуалдық келісімнің ретімен келісті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматыда 12 маусым күні қазақстандық арнайы қызметтер шұғыл операция барысында "КазСтройСтекло" ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Бизнесмен бопсалаушылық жасауға қатысты күдікті ретінде ұсталды. Кәсіпкер 2005 жылы "Семрюжком" ЖШС және "КазСтройСтекло" ЖШС құрылтайшысына қатысты қорқыту мен зорлық көрсету арқылы  кәсіпорындардың жарғылық қорын иеленуге қатысты күдікті болып табылады. Күдікті өз әрекеттері арқылы 185 миллион теңге шығын әкелді, делінеді. Кейіннен сот Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қамауға алу туралы шешім қабылдаған болатын.  

Тақырып:
Мұратхан Тоқмади ісі (8)

Басты тақырыптар