07:34 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Ескерту белгісі

Алматы облысында жол апатынан кейін қашып кеткен жүргізуші ұсталды

CC0 / Stefan Schweihofer
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Күдікті адамды ұстау мақсатында полиция қызметкерлері бірнеше елді мекендегі тиісті маркалы автокөліктердің барлығын тексеріп шыққан

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Алматы облысы полицейлері жаяу жүргінішіні қағып кетіп, өлімші қалде қалдырып, жол апаты болған орыннан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды аймақтың ІІД баспасөз қызметі.

Жол апаты Райымбек ауданында тіркелген болатын.

11 қазан күні Көкпек-Кеген-Түп автожолында Қарқара ауылына жақын жерде белгісіз автокөлік 31 жасар жергілікті тұрғынды соғып кетіп, оқиға болған жерден қашып кетеді. 
"Жол апаты орнында қалған автокөлік бөлшектерін жинақтай отырып, Райымбек ауданы ІІБ қызметкерлері белгісіз көліктің маркасы Volkswagen Passat екенін анықтады.  Таяу жердегі елді мекенде аталған маркалы көліктердің барлығын тексере отырып,  Кеген аулының 28 жасар тұрғынын ұстады", — деп хабарлайды ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Басты тақырыптар