07:34 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Ұялы телефон

Алаяқ павлодарлық тұрғынның "ұтып" алған сыйлығына ақы сұраған

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Өзінің ұтып алған "сыйлығын" алу үшін Павлодар тұрғыны ұялы телефон шотына ақша жіберуі тиіс еді

АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Павлодарлық полицейлер алаяқтыққа қатысты күдікті болып табылатын облыс орталығының 33 жасар тұрғынын ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшілеріне Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Полиция мекемесінің берген мәліметі бойынша, павлодарлық азаматтың ұялы телефонына лотореядан сыйлық ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түседі. Шамалы уақыттан соң оған өзін Захаров Алексей Николаевич деп таныстырған ер адам хабарласып, пәтер иесі үй кинотеатрын ұтып алғанын нақтылайды.  Алайда оны алу үшін ең алдымен ұялы телефон шотына 2 000 теңге жіберу керектігін айтады. Алаяқ оған қоса тағы бірнеше телефон номерін береді. 

Қуанышты хабарды естіген ер адам электронды төлем жасау жүйесі бойынша көрсетілген телефон нөмірлеріне 25 мың 500 теңге ақша аударады. 
"Өзінің алданғанын сезген жәбірлеуші полицияға хабарласады. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — делінген полиция мекесінің берген мәліметінде. 
Осыған байланысты полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын алаяқтардың алдауына сеніп қалмауға, олардың сұраған сомасын аударуға немесе қолдарына беруге асықпауға шақырады. 

Басты тақырыптар