Өңірлер

Теміртаудағы төтенше жағдайдың себептерін арнайы комиссия тексереді

© Sputnik / Иван Руднев / Медиабанкке өтуГаз құбыры
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Комиссия құрамына техника қауіпсіздігінің мамандары мен металлургтер кәсіподағының мамандары кірді

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Алты жұмысшы зардап шеккен, "АрселорМиттал Теміртау" комбинатында орын алған қайғылы оқиғаны арнайы комиссия тексереді. Істің қорытындысын полицияның тергеу органдарына тапсырады.

Комиссия металлургиялық комбинатта орын алған оқиғаның себебін анықтайды. ТЖ металлургиялық комбинаттың коксхимиялық өндірісіндегі №1 газ құбырында болған. Бұл кокс батарейіне жеткізетін аралас газдың құбыры. Жұмысшылар бітеуіш орнатып жатқан кезде газдың тұтануы орын алады.
Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Теміртаудағы ТЖ кезінде зардап шеккендерді хәлі туралы белгілі болды

"Ол жерде төрт жұмысшы, газ құтқарушысы және кокс цехының шебері болған. Жұмысшылардың барлығы газдан қорғайтын құрылғыға қосылған болатын. Жұмыстарын одан ары жалғастыру үшін бітеуішті орнатып жатқан. Бәрі күтпеген жағдайда болып, жұмысшыларды шетке лақтырып жібереді. Ешқандай жарылыс, бұзылу болмаған. Зардап шеккендер бір сәтке ес-түсінен айырылып қалады.  Себебі, газдың концентрациясы өте жоғары болған", — деп түсіндірді арнайы брифинг кезінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Андрей Маркин.

Жұмыс берушілердің айтуынша, зардап шеккендерді оқиға орнынан бес минут ішінде алып шыққанмен, оның салдарын болдырмау мүмкін болмады. Зардап шеккендердің беті, қолдарын түрлі дәрежедегі күйік шалған. Екі қызметкер газбен уланып, Теміртаудағы ауруханада ауыр хәлде жатыр. Қалғандары Х.Ж.Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында ем қабылдауда. Олардың өміріне төнген қауіп жоқ.

"АрселорМттал Теміртау" компаниясы басшылығының берген мәліметі бойынша, ағымдағы жылы өндіріс орнында 14 қайғылы оқиға орын алған. Олардың бірінде адамдар қайтыс болды. Газ құбырында болған жағдайдың себебін ашып айту мүмкін емес. Оған байланысты құрылған комиссия нақты шешім айтады. 

Жаңалықтар
0