10:30 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жигули көлігі

22 жыл бұрын Ресейге қашып кеткен алаяқ ұсталды

© Sputnik / Алексей Даничев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
118 0 0

Ер адам 10-нан астам автокөлік жеткізуге уәде берген, бірақ ақшасын алғаннан кейін қашып кеткен

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Ақмола облысында полицейлер алаяқтық қылмыс жасап, 22 жыл Ресейде жасырынып жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Челябі облысы Новозлатоуста жүргізілген мемлекетаралық арнайы операция барысында полицейлер 22 жылдан бері іздеуде жүрген ер адамды ұстады. 

1995 жылы ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірімен келісім жасап, 4 миллион теңгеге 12 "Жигули" көлігін жеткізіп бермек болады. Бірақ ол ақша мен бірнеше көлікті қолына түсіргеннен кейін қашып кеткен. 

Полицейлер күдіктінің Қазақстаннан кетіп қалғанын анықтайды. Қазіргі уақытта тиісті материалдарды жинау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

 Бұған дейін Ақмола облысының полицейлері өз елінде қылмыс жасап, көп жылдар бойы жасырынып жүрген Ресейдің екі азаматын қолға түсірген болатын. 


Басты тақырыптар