10:31 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Полиция қызметкері

Таразда тергеуші дәмхана және монша есебін төлету арқылы пара алған

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
63 0 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу жағдайына қатысты дәлел таппағанымен, облыстық прокуратура істі сот жіберді

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Сот пара алуға қатысты айыпталған, бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. Тараз Ішкі істер басқармасының бұрынғы тергеушісі 1 мың доллар көлемінде, оған қоса, ұялы телефон, дәмхана, моншадағы төлемдерді төлету арқылы пара алған.

Қылмыстық істі облыстық прокуратура қолға алып, жарты жыл бұрын болған оқиғалар қалпына келтіріліп, қосымша дәйектер анықталған соң, іс сотқа берілді.

Облыстық прокуратураның Sputnik Қазақстан тілшілеріне берген мәліметтерге сәйкес бұрынғы полиция қызметкері 4,5 жылға бас бостандығынан және "майор" шенінен айырылды.


Басты тақырыптар