Өңірлер

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жазылу
Кей жерлерде жел тұрып, тұман түсуі ықтимал

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жаууы ықтимал, солтүстік-батыс пен оңтүстікте кей жерлерде қатты жауын жауады. Солтүстік, шығыс пен қиыр оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 17-22 м/с. Қызылорда облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарда желдің ұйытқуы 23 м/с.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0