Өңірлер

Батыс Қазақстанда жасөспірімге қасқыр шабуыл жасаған

© AFP 2024 / PATRICK PLEULҚасқыр
Қасқыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала қойлар тұрған қораға кіре бергенде, жыртқыш аңға кез болған

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы Талдықұдық ауылында сегізінші сынып оқушысына қасқыр шабуыл жасаған, жыртқыш жасөспірімнің санынан тістеп алыпты, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" жергілікті басылымы.

Бір ұя қасқыр Каспийде кеме командасын үркітті - Sputnik Қазақстан
Бір ұя қасқыр Каспийде кеме командасын үркітті

14 қазанда сегізінші сынып оқушысы қой қораға кіріп, қасқырды көргенде, оны біреудің иті екен деп қалған.

Жыртқыш балаға тап берген, жасөспірім шатырдың астына шығып үлгерген. Бала ересектерді көмекке шақыра бастайды. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, кейін Жалпақтас аудандық ауруханасына жеткізіліп, құтыруға қарсы екпе салынған. Қасқыр баланың оң жамбасынан тістеп үлгеріпті. Зардап шегушінің хәлі бір қалыпты.

Қасқырды жергілікті тұрғындар атып өлтірген.

Жаңалықтар
0