02:32 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Әйелдердің төбелесі

Атыраудағы дәмхана жанында ер адаммен төрт қыз төбелесті

© Sputnik / Жоомарт Ураимов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
411 0 0

Басынан бөтелкемен соққы алған ер адам зардап шеккен жақ болып табылды

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Атыраудағы дәмханаға жақын жерде ер адам және төрт қыз төбелесті, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Төбелестің автокөліктің ішінде отырған куәгер өзінің ұялы телефонына түсіріп алған.

Бейнеге түсірілген кадрдан, бөтелкемен басынан соққы алған ер адам, басқалардың араша түскеніне қарамастан қыздарды ұра бастайды. 

Бейне түсіруші автор оларға араша түскеннің орнына, өз көлігінде болған жайтты бақылап отырған.

"Қыздардың айтуынша, олардың екеуі Атыраудағы шағын аудандардың бірінде орналасқан дәмханада отырады. Шамалы уақыттан кейін олар Азаттық даңғылындағы "Сауда базасы" ауданында орналасқан "Молекула" дәмханасына барып, өздерінің екі құрбыларын алып кетуді ойлайды. Олар диско-барға келген сәтте, ғимараттың алдында екі жігіт төбелесіп жатады. Олардың бірі жанынан кетіп бара жатқан қызға тиіп кетеді, қыз құлап қалады", — деп хабарлайды Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Қалған үш қыз құрбыларынан жақтаспақ болып, олармен жұдырықтаса кетеді.
Кейінірек, төбелеске қатысушы  жасар ер адамға бұған дейін іздеу жарияланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлімі бойынша  "Бұзақылық" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басынан соққы алып, кейіннен қыздарды ұрған ер адам зардап шегуші болып  мойындалды.

Загрузка...

Басты тақырып