Өңірлер

Қырғызстанның су қоймасынан қазақстандықтарға төнетін қауіп жоқ

© Sputnik / Табылды КадырбековҚырғызстандағы Киров су қоймасы
Қырғызстандағы Киров су қоймасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан Киров су қоймасынан су шығару туралы ақпаратты Қазақстан тарапына алдын ала берген болатын

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Киров су қоймасынан су шығару туралы мәліметке қатысты ҚР ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов  Sputnik Қазақстан тілшілеріне мәлімдеме жасады.

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, Киров су қоймасында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 120 шаршы метр су шығарылады.

Иманқұлов бұл жөнінен Қазақстан тарапы алдын ала жіберілген телефонограмма арқылы хабардар болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы ТЖ жөніндегі департаменті осы жағдайға қатысы бар мемлекеттік органдарға хабар таратты. 

"Алаңдайтын ештеңе жоқ. Себебі судың су қоймасынан жіберу  көлемі секундына 100 шаршы метр болады. Ал қазақстандық арнаның су өткізу мүмкіндігі шамамен – 200 шаршы метрге сәйкес келеді. Су жіберу бүгін  күндіз басталады ", — деді Иманқұлов телефон арқылы Sputnik Қазақстан тілшілеріне. 

 

Жаңалықтар
0