Өңірлер

Сапарбаев заңсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды

© AP Photo / Rich Pedroncelliмұнай өндіру, архив
мұнай өндіру, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысында полиция мұнай ұрлығы мен оны заңсыз сатуға қатысты 17 қылмыстық істі тексеруде

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik.  Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев заңсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды. Бұл туралы ол Ақтөбеде өткен «Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы мәселелері» аймақаралық форумында айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Форумды ашқан Бердібек Сапарбаев мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы — Ақтөбе облысымен қатар, жалпы Қазақстан үшін де өзекті мәселе екенін атап өтті. 

Шымкенттегі мұнай базасының өртенуі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттегі мұнай базасында шыққан өрттің мән-жайы белгілі болды

"Бұл ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесі болып табылады. Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымының ақыры баршаға аян, ол – бюджет кірісін жоғалту, ақша қаражатының елден кетуі, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, инвестициялық жағдайдың нашарлауы. Осының бәрі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуына қауіп төндіреді",- деп атап өтті өңір басшысы.

Ақтөбе облысында қазіргі таңда көмірсутек шикізатының 29 жер қойнауын пайдаланушылары жемісті жұмыс жасап жатыр. Биыл 5,9 млн. тонна мұнай, 6,5 млрд. текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. 

Мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз сату көбінесе ұңғыларды сақтамау салдарынан және еншілес фирмалар арасында жасасқан келісімшарттар негізінде мұнай құбырларына заңсыз түсіп кету арқылы мұнай-газ компанияларының, қауіпсіздік құрылымдарының қызметкерлерімен келіссөздер кезінде кездесетіні айтылды.

Мәселен, 2014-2016 жылдары "СНПС" АҚ-ның "Кеңқияқ" кен орнында ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен 8 мың тонна мұнай ұрланған, бұл іске қатысы бар тұлғалар ұсталып, жазаланды.

Бүгінде Ақтөбе облысының ІІД мұнай ұрлығы мен оны заңсыз сатуға қатысты 17 қылмыстық істі тексеруде.

"Көлеңкелі айналым – жекелеген ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыру көзі болып табылады",- деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев көмірсутегі шикізатымен заңсыз операцияларға қарсы тұру жөнінде бірқатар ұсыныр айтты. Атап айтқанда, көмірсутегінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту, мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны тексеру үшін республикалық жұмыс тобын құру,  еліміздің барлық кен орындарында өндірілетін мұнайдың химиялық құрамы бойынша орталықтандырылған деректер банкін құру сынды ұрлық көзін анықтауды айтарлықтай  жеңілдететін бастамалар бар.

 

 

 

Жаңалықтар
0