Өңірлер

Батыс Қазақстандағы "Қазгидромет" бөлімінің басшысы қаржы жымқырған

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрлі қитұрқы әрекеттерді жүзеге асыру арқылы директор 4,5 миллион теңге жымқырған

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Сот уд вынес приговор в отношении директора филиала РГП өзінің қарамағындағылардың сыйақысы мен үстемақысын ұрлаған Батыс Қазақстан облысындағы "Қазгидромет" РМҚШ филиалының директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Филиал директоры мұндай қаржылық қылмысты 2015-2016 жылдары жасаған. Ол филиал қызметкерлеріне ақшалай сыйақы төлеу туралы бұйрық шығарып, кейін 1,5 миллион теңгені өзі алған. Осылайша тағы да 1,6 миллион теңге көлеміндегі қаржыны қызметкерлерге берілетін үстемақы ретінде бөлінген ақшадан иеленген.

Оған қоса, 2016 жылы директор іс сапарлардың мерзімін негізсіз ұзартып, кей жағдайда жалған іс сапарлар рәсімдеген.

Мұндай әрекетінің арқасында ол мемлекет ақшасынан 1,5 миллион теңге жымқырған.

Сот директорды айыпты деп танып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырды. Филиал басшысының қылмыстық жолмен келген немесе қылмыстық жолмен табылған ақшаға сатып алынған дүние-мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар директор алдағы уақытта мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан өмірлікке айырылды. Үкім заңды күшіне енді.



Жаңалықтар
0