Өңірлер

Балқашта бейіт басында қызды жабылып зорлағандарға сот үкімі шықты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтусотталушы, архив суреті
сотталушы, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскөйлер қызды зиратқа апарып, жабылып зорлап, өзіне мола қаздыртқан

АСТАНА, 24 қазақ – Sputnik. Балқашта әйелді жабылып зорлау ісіне қатысты ұсталған екі адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі. 

"Сот екі сотталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Олар жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", — деді баспасөз қызметінің өкілі. 

Еске сала кетсек, өткен жылы тамызда екі ер адам қызды бейіт басына апарып, зорлаған. Мұнымен қоймай, олар күрекпен ұрып, өтіреміз деп қорқытып, әйелге мола қаздыртқан. Зорлық көрген әйел әзер қашып құтылған. Ер адамдар тек бір жылдан кейін ұсталады. Зардап шеккен әйелдің қорғаушысы Айман Омарова хабарлағандай, қылмыстық істі ұзаққа созып жібергендіктен, қоғамға жариялап, жұрттын назарын аударуға тура келген. 


Жаңалықтар
0