Өңірлер

Алматы-Шымкент жолында 31 адам мінген автобус аударылып қалды

© Photo : Rico_LoebЖолдағы апаттық белгі
Жолдағы апаттық белгі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сегіз адам ауруханаға жатқызылып,алғашқы көмек көрсетілген 19 адам үйлеріне қайтарылды

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Алматы-Шымкент бағытында келе жатқан автобус жол апатына түсіп, бір адам қаза болды, 20-дан астам жолаушы жарақат алды. 

тұман - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында Toyota жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза болды

31-қазан шамамен таңғы сағат 3:20 кезінде Алматы–Шымкент бағытында келе жатқан 31 адам мінген автобус Айша-бибі ауылының жанында аударылған. Жолаушылардың біреуі 20 жастағы қыз қаза болды.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жедел медициналық жәрдем үшін 13 санитарлық автокөлік жұмылдырылған. 3 адамға медициналық көмек оқиға болған жерде көрсетілді. №1 қалалық ауруханаға 28 адам жеткізілді, 8-і емдеуге жатқызылып, алғашқы көмек көрсетілген 19 адам үйлеріне қайтарылды. Бір бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.


Жаңалықтар
0