Өңірлер

Амандық Баталов журналисті Алакөлге шақырды

© Photo : акимат Восточно-Казахстанской областиАлакөл
Алакөл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөлдің сервисіне шағымданған журналисті жағдайды көзбен көріп қайтуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында жаңа аудан құрылады

Журналист Алакөлдің сервисі нашар екенін айтып, болашақта осы мәселені шешу қалай жоспарланып отырғанын сұрады.  
Облыс басшысы Алакөлдің қазіргі жағдайы адам таңғаларлықтай екенін айтып, журналисті демалыс орнына арнайы шақырды.

"Бүгінде Ақшидің ішіндегі жолдар мына жолдан кем емес. Біз Үкімет, ҚТЖ-ға шығып, теміржол вокзалының құрылысын бастадық. Электр жүйелерін әкелдік, су құбырын тарттық. Балалар науқастанғанда, ине салатындай да жағдай болмайтын. Содан кейін өткен жылы аурухана салып бердік. Ал қазір адам таңғаларлықтай, жағдай жақсы, барып көріңіз. Мен сізді арнайы шақырамын", — деді сауалға жауап берген Баталов. 

Облыс әкімінің айтуынша, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. 

"Біз үшін басым бағыттардың бірі бұл – туризм. Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Теміржол қатынасы жолға қойылды. Биыл Үшарал қаласында әуежай салынды. Теміржол вокзалының құрылысы басталды", — деді ол. 

Аймақ басшысының айтуынша, биыл облыста үш ірі заманауи демалыс аймағы пайдалануға берілген. Олар сервис деңгейі бойынша танымал шетелдік курорттардан еш кем түспейді.
Жаңалықтар
0