12:11 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Сәби

Атырауда қоқыс тастауға шыққан тұрғын пакетке салынған бала тауып алды

CC0 / M Ameen
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
447 0 0

Сәби Атырау облысы перинатальды орталығының жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөлімінде жатыр

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қара пакетке салынған баланы Нұрсая шағын ауданының тұрғыны қоқыс жәшігінің жанынан тауып алған,  деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Сәби 7 қарашаға қараған түні табылды. Ер адам қоқыс тастауға шығып, баланың жылаған дауысын естіп қалған.   

- Содан кейін ер адам сол маңнан өтіп бара жатқан адамды көмекке шақырып, жаңа туған сәби салынған пакетті тауып алады, дереу жедел жәрдем шақырған.  Қазіргі таңда Атырау облысы перинатальды орталығының жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөлімінде баланың денсаулығы тексеріліп жатыр, — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.  

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуынша, аталған дерек ҚК 24-бабы және 100-бабы (Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруге оқталуы) бойынша тіркелді, сот алды тергеу басталған, оның барысын облыс прокуратурасы бақылауда ұстайды.   


Загрузка...

Басты тақырып