16:48 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қоқыс контейнерлері

Атырауда қоқыс жәшігінен 40-қа жуық кесілген бас табылды

© Foto: Facebook / Тимур Асылханов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
828610

Сиырдың 40-қа жуық басын қалдық таститын "Арнаулыавтобаза" мекемесінің жұмысшылары көріпті

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Атырауда қоқыс арасынан кесілген бастар табылды, деп хабарлайды КТК.

Сиырлардың барлығының тілдері кесіліп алынған. Және құлақтарында сырғалары да бар. Қанның әлі қатпағанына қарағанда, сойылғандарына да әлі көп уақыт өте қоймаған секілді. Қазіргі уақытта табылған бастардың барлығы жойылған, яғни өртелген. 

Ал, 30 сиырдың құлағындағы сырғалары бойынша олардың кімге тиесілі екендігі анықталып жатыр. Әзірге сойылған малдардың кейбірінің иесі табылыпты. Олар сиырларын сатып жібергендерін айтқан.

 Дегенмен, осы дерекке қатысты тәртіп сақшылары ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Басты тақырыптар