16:56 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Жол апаты, архивтегі сурет

Шымкентте мыжылып қалған көліктерден екі жүргізуші де аман шықты

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
705 0 0

Темір тұлпардың бірі соққының салдарынан жолды бөліп тұрған темірге барып соғылған

Шымкентте Темірлан тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды. Түнгі уақытта бір бағытқа қарай қозғалған опель және фольксваген көліктері жолды бөлісе алмаған, деп хабарлайды TVK арнасы.

Яғни, опель көлігі Темірші әулиенің жанына келгенде солға қарай бұрылмақ болған. Ал, сол мезетте, сол жақ тұстан фольксваген жеңіл көлігі шыға келген. Салдарынан екеуі соқтығысып тынды. Тіпті, темір тұлпардың бірі соққының салдарынан жолды бөліп тұрған темірге барып соғылған. Көліктің жарамсыз күйіне қарасаң, адамның аман қалуы мүмкін емес секілді. Абырой болғанда жүргізуші дін аман.

«Мен бірінші, ол екінші жолақта келе жатты. Алдынан КамАзды өткізді, ал маған жол бермей, солға бұрылды. Салдарынан оның көлігінің жол жағынан соқтым. Абырой болғанда жалғыз өзім едім», — дейді опель жүргізушісі.

Басты тақырыптар