16:40 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Бала көлеңкесіне қарап тұр

ОҚО-да туған ұлын өлімші етіп ұрған қатігез ана сотталды

CC0 / Arek Socha
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
139 0 0

Әйел шалбарына дәрет сындырып қойғаны үшін баласына бірнеше рет ине сұғып, бетіне ыстық су шашқан

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. 7 жастағы ұлын бұтына жіберіп қойғаны үшін өлімші етіп сабаған қатігез ана жазаға тартылды. Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 31 жастағы әйелге 5 жыл үкім кесті, деп хабарлайды TVK арнасы.

Енді ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сот процесі барысында кәмелет жасына толмаған балаларының бар екені және жүктілігі ескеріліпті. Сонымен қатар, айыпталушы кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Дегенмен, сот туған ұлына қатігездік танытқан ананы бас бостандығынан айырып, ата —ана құқығынан айырды.

«Шалбарына дәрет сындырып қойғаны үшін баласына бірнеше рет ине сұққан. Онымен қоймай, бетіне ыстық су шашқан. Сондай-ақ, жұдырығымен басынан ұрған. Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді», — деді ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлнұр Кәрімқұлқызы.

Естеріңізде болса, оқиға осы жылдың мамыр айында болған еді. Басынан ауыр жарақат алып, денесі күйген 7 жастағы бала ауруханаға жеткізілген болатын. Оның қазіргі жағдайы бірқалыпты. Құзырлы органдардың шешімінен кейін ол балалар үйіне өткізілді. Сонымен қатар, айыпталушының бір жастағы қызы болса, бөбектер үйіне жіберілген.

 

Басты тақырыптар