17:11 26 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD356.54
  • EUR419.43
  • RUB5.42
Тергеу абақтысы, архивтегі фото

Атырауда ломбардты тонаған жігіт басқа қалада ұсталды

© Sputnik / Алексей Филиппов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
247 0 0

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жас жігіт Оралда жүргені белгілі болды

АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Атыраудағы "Жылдам ақша" ломбардына қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол Орал қаласында қолға түсті, деп жазды "Мой ГОРОД" порталы.   

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмысты 26 жастағы Атырау тұрғыны жасағаны анықталған. Тексеру кезінде жігіт тіркелген жерінде болмай шыққан.  

- Күдіктінің отбасынан бірнеше рет жауап алынды. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жас жігіт Оралда жүргені белгілі болды.  ІІД және ІІБ қызметкерлерінен құрылған топ Оралға барып, күдіктіні ұстады, қазіргі таңда Атырау қаласының тергеу абақтысында отыр, — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.  

Енді Атырау қаласындағы кәсіпкерлік нысандарының бірінің кассирлерін қорқытқан жігіт сот алдында жауап береді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі 4-тармақшасы – "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 


Загрузка...

Басты тақырыптар