05:59 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Героин

Ақтау тұрғындары электронды әмиян көмегімен героин сатқан

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
78 0 0

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылды

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ақтауда есірткіні заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды Lada.kz

Сотта Ақтау аумағында заңсыз есірткі сатқан бес адамның ісі қаралды. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың жетекші маманы Айжан Сәндібаева айтты. 

Іс материалдары бойынша, есірткіге тәуелді адамдар виртуалды әмиянның электронды есепшотына ақша аударып, героин сатып алып отырған. Осылайша, ұйымдасқан қылмыстық топ бес ай бойы есірткіні заңсыз сатумен айналысып келген. 

Бес күдікті де ұйымдасқан қылмыстық топ құру, есірткі сату және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңды айналымға тарту баптары бойынша айыпты деп танылды. Олар мүлкі тәркіленіп, 16 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.


Басты тақырыптар