05:46 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Сот отырысы, архивтегі фото

Алматыда екі баласын өлтірген ерлі-зайыптының ісі сотқа түсті

© Sputnik / Айсулу Жумагулова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
122 0 0

Сотта балалардың ата-анасы – қазақстандық Алла Волченко мен өзбекстандық Эмиль Гильмутдинов жауап береді

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Алматыда екі баланы өлтіруге қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті.  

Соттың мәліметінше, күдікті Алла Волченко мен Эмиль Гильмутдиновтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 15 қарашаға белгіленді.  

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Түрксіб ауданындағы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан екі баланың денесі табылған болатын. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Бұған дейін осы пәтерді үш баласы бар әйел адам жалдап тұрыпты.  

Кейінірек Алматы полициясы екі баланы өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол 29 жастағы Өзбекстан азаматы екен, балалардың анасымен бірге тұрған. Сонымен бірге, ер адаммен қатар ұсталған балалардың анасы Алла Волченко да тергеліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, егіздер 2016 жылы 12 шілдеде дүниеге келген. 


Басты тақырыптар