05:47 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Пернетақта

Желіде ұлттар арасына іріткі салып, қазақтарға тіл тигізген Петропавл тұрғыны екі жылға сотталды

© AFP / SAUL LOEB
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
122 0 0

45 жастағы ер адам сотта бар айыбын мойындап, жасаған ісіне өкінген

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Петропавлда ер адам әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желі мониторингі кезінде СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бойынша басқарма қызметкерлері Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны тарапынан ұлтаралық араздықты тудыру әрекетін анықтаған. 

"Қала тұрғыны "Одноклассники" әлеуметтік желісіндегі жазбаларында азаматтарды ұлтына қарай бір-біріне айдап салып, қазақтарға тіл тигізген, тарихи деректерді бұрмалап көрсеткен", — деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі.

Сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізіп, ұлтаралық араздықты тудыру белгілерін анықтады. 

Айыпталушы сотта кінәсін толығымен мойындап, өзге ұлт өкілдерінің намысына тигені үшін өкінген. Петропавл қалалық соты оны екі жылға соттады.

Басты тақырыптар