06:52 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Сотталушы

Көкшетауда судьяны өлтірген қаныпезер өмір бойына сотталды

© Sputnik / Илья Питалев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
58 0 0

Алқабилер соты ер адамды төрт қылмыстық бап бойынша айыпты деп таныған

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Ақмола облысы қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының бұрынғы төрайымын өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот залынан.

Бастапқы тергеу органдары Медет Әбдірахмановты Ақмола облыстық соты қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының бұрынғы төрайымы Жанна Бердіғұловаға қатысты ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі 10-пункті (өлтіру қатерін төндіріп зорлау), 99-бабы 2-бөлігі 10-пункті (Басқа қылмысты жасыру үшін кісі өлтіру), 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық, біреудің мүлкін тонау), 384-бабы 3-бөлігі (Ресми құжаттарды тонау) бойынша қылмыстар жасағаны үшін айыптады. Бұл қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Алқабилер Әбдірахмановты айыпты деп үкім шығарды. Сот отырысына қатысушылардың қорытындысына сүйене отырып, судья сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Сотталған азамат өлтірілген судьяның туған-туыстарына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

46 жастағы Жанна Бердіғұлова 12 маусымда өлтірілген. Әйел адам туған қаласы Алматыда жаңа лауазымға ие болып, көшкелі жүрген болатын. Тергеу материалы бойынша, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны жиһаз сату туралы хабарландыру арқылы келіп, оны өлтірмек болған. Қылмыскер әйел адамды буындырып, жеке мүлкі мен судьяның қызметтік куәлігін ұрлап кетті.

Әдірахманов үш рет сотталған, оның ішінде адам өлтіргені үшін 14 жыл түрмеде отырған.

Басты тақырыптар