05:48 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жапырақ

Қостанай қаласы "Жасыл ел" штабының басшысына үкім шығарылды

CC0 / rihaij
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Қостанай қаласы "Жасыл ел" штабының басшысы 16 миллион теңге қымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қостанай қаласы "Жасыл ел" штабы басшысы Қайрат Әбдіхалықов рақымшылық берілгеніне қарамастан, жаза мерзіміне кесілді.

Қостанай облысы "Жасыл ел" республикалық штабының 29 жастағы басшысы 16 миллион теңгеден астам қаражатқа алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылды. Үкім Қостанай қаласы №2.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, 2014-2015 жылдары Әбдіхалықов таныс бизнесмендер және филиал қызметкерлерімен алдын-ала сыбайласып әрекет еткен. Жұмысқа өз таныстарын ғана алып, кейін оларды жұмыс отрядтарына қосқан. Қостанай филиалының менеджері жалған актілер дайындап, солардың негізінде республикалық бюджеттен ақша аударған, кейін ол қаражатты Әбіхалықов сыбайластарымен бөліскен. 

Әбдіхалықовтың бұрынғы қызметкерлері жасаған қылмыстары үшін шартты түрде сотталған. Жымқырылған қаражат қазынаға қайтарылды. 

Ал Әбіхалықовтың өзі бес жылға бас бостандығынан айырылып,  мүлкі тәркіленген еді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылыққа байланысты жаза мерзісі үш жыл тоғыз айға дейін қысқартылды.

Басты тақырыптар