05:49 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Ер адам пышақ ұстап тұр, архивтегі фото

Шымкент тұрғыны әйелін пышақтап тастап, әлеуметтік желіде видео мәлімдеме жасады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
183 0 0

Қазір пышақ жарақатын алған келіншек ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастаған. Содан кейін өз кінәсін толық мойындап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген, деп жазды Otyrar.kz

Сорақысы сол, бұл азамат бейнежазбада осы әрекетін күнә емес, керісінше, Алланың жолындағы міндетім деп мәлімеде қалдырған. Ал ауыр жарақат алған азаматшаның туыстары күйеу баласының айтып отырған айыптауымен келіспейді. 

Айтуларынша, екі баланың анасы ешқандай жат ағымға кірмеген. Қазір пышақ жарақатын алған келіншек ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әйелдің өмірімен күресуде. Бейресми мәліметтер бойынша күдікті азамат қамауға алынған. Бірақ бұл ақпаратты ІІД баспасөз қызметі растамады.

"Қызым ешқандай жат ағымға кірмеген. Қайта күйеу балам сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын жалбыратып өсіріп алады. Қызымды ұрып-соғып келген. Екеуі бес ай бұрын ажырасып кеткен. Сонда да күйеу балам тыныштық бермеген. Ақыр соңы пышақтап кетті. Әділ жазасын алсын", — дейді жәбірленушінің анасы Сандықыз Жақсылықова.    


Басты тақырыптар