05:45 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
пара

Ақтөбеде пара берген прокуратура қызметкері ұсталды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері пара берді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Бас прокуратура хабарлағандай, 13 қарашада Ақтөбе қаласында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен бірлесе отырып қылмыстық кодекстің 367-бабында (пара беру) қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен Э. Қадыровты ұсталды. 

Ұсталған прокуратура қызметкері қылмыстық-процестік кодекстің 131-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды", — делінген хабарламада. 


Басты тақырыптар