Өңірлер

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған спортшы отбасына оралды

© ДВД Южно-Казахстанской областиЖоғалғандарды іздеу
Жоғалғандарды іздеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшының ресми қамқоршысы жарты жылдан астам уақыт бойы оның қайда екенін білмеген

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Алматы облысында полицейлер із-түзсіз жоғалған паралимпиадашыны іздеп тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.   

Өзен жағасындағы қыздың сұлбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда жоғалған қыздың мәйіті табылды
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде із-түзсіз кеткен тұлғалардың қайда екенін анықтау және іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бойынша іс-әрекеттерді күшейтуге бағытталған іс-шара аясында жеті адам табылған. Оның арасында осы жылдың сәуірінен бері іздеуде болған Панфилов ауданының 30 жастағы тұрғыны бар. Жоғалған паралимпиадашы джиу-джитсу спортымен айналысқан. Оның жоғалғанын полицияға ресми қамқоршысы хабарлаған.  

"Спортшы осы жылдың сәуірінде жарысқа шығып кетіп, жоғалып кеткен. Іздеу кезінде ол шетелде ұйымдастырылған джиу-джитсудан жарыстарға қатысып, елге оралғаннан кейін Алматыда пәтер жалдап тұрған. Із-түзсіз кеткендердің қатарында болған ер адам қамқоршысымен кездесті", — деді облыстық полициядағылар.


Жаңалықтар
0