06:05 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жаңбыр

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Евгений Одиноков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
133 0 0

Қазақстанның бірнеше облысында жел тұрып, тұман түседі

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде – тұман, көктайғақ. 

Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Басты тақырыптар