Өңірлер

Атырауда орамалын шешуден бас тартқан 40-қа жуық қыз мектепке бармай жүр

© AFP 2024 / Mohd RASFANХиджаб
Хиджаб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырауда 39 қыз орамал шешуден бас тартып, сабақтан қалды

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Ата-анасы хиджаб шешуіне қарсы болған отыз тоғыз қыз мектепке бармай жүр, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Хиджаб киген оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мектептерде хиджаб кию: ҚР білім министрлігі нормаларды тағы да айқындады

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Атырауда ата-анасы әртүрлі діни ағымды ұстанатын 307 оқушы тұрады. Олардың арасында 156 қыз хиджаб киеді екен. 

Атырау қаласының білім беру бөлімі басшысы Светлана Аманшиева хабарлағандай, білім беру саласындағы бақылау департаментіне арыз жазылғаннан бері, бес оқушы қыздың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, қабылданған шаралардан кейін қыздар мектепке орамалсыз барып жүр. 

Тағы 39 қыздың ата-анасы балаларының орамал тақпауына қарсы шығып, сабаққа жібермей отыр.

Айта кетелік, оқушылар мектеп жарғысын орындамайтын болса, ата-анасына заң бойынша 10 АЕК айыппұл салынады.

Жаңалықтар
0