06:34 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Гильза, архивтегі фото

Жамбыл облысында қызға таласқан жігіт сотталып кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Жастар таныстарын шақырып, мәселені елсіз жерде шешпек болған

АСТАНА, 15 қараша— Sputnik. Сот қызға таласып, ағайынды жігіттерге оқ атқан Жамбыл облысының тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Шу аудандық сотының мәліметінше, қылмыстық іс "Суық қаруды заңсыз алып жүру" және "Бұзақылық" баптары бойынша қаралды.

Осы жылдың шілдесінде сотталушы Жаңа жол ауылында көлікпен келе жатқан. Жолда екі ағайынды ауылдасын жолықтырып, жас жігіттер арасында жанжал шығады. Сотта анықталғандай, сотталушының әйелі бұрын ағайындылардың бірімен атастырылған екен, алайда қыз сотталушымен қашып кетіп, соған тұрмысқа шыққан. Жанжалға осы жағдай себеп болған.     

Жігіттер таныстарын шақырып, мәселені елсіз жерде шешпек болады. Төбелес кезінде сотталушы ағайындыларға травматикалық қарудан екі рет оқ атқан.   

Ағайындылармен келген жігіттердің бірі жауап ретінде сотталушыны аңшы мылтығымен атқан. Ол көптеген бытыралы жарақат алады. Аңшы мылтығынан оқ атқандардың қылмыстық ісі бөлек қаралып жатыр.  

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінді. Сот оны бұзақылық жасады және суық қаруды заңсыз алып жүрді деп тапты.  

Ол пробациялық бақылау орнату арқылы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 


Басты тақырыптар