12:30 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
ОҚО-да терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен 11 адам ұсталды

ОҚО-да "Whatsapp" арқылы діни алауыздық тудырмақ болған 11 адам ұсталды

© Foto: ҰҚК баспасөз қызметі
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
396 0 0

Олар "ДАИШ" ұйымының экстремистік идеологиясын үгіттейтін материалдарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратқан

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен 11 адам ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. 

"16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ішкі істер органдары бірлесе жүргізген операция аясында Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталды", — деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Ұсталған адамдар "ДАИШ" пен өзге халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын үгіттейтін материалдарды "Whatsapp", "Telegram" мессенджерлері мен әлеуметтік желілер арқылы жүйелі түрде таратып отырған. 

ОҚО-да терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен 11 адам ұсталды
ОҚО-да терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырды деген күдікпен 11 адам ұсталды

"Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам адамды қамтитын 24 желілік топта орналастырылған. Тергеу және басқа да іс-шаралар жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада. 


Загрузка...

Басты тақырыптар