10:36 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Шымкент

Оңтүстік Қазақстан облысында халық саны 3 миллионға жуықтады

© e-shymkent.kz
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
60020

ОҚО бала туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша республикада көш бастап тұр

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Оңтүстік Қазақтан облысында  2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс халқының саны 2 914 054 адамға жетті. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,2 пайызға артық. Нәтижесінде республика бойынша облыс бала туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабеков мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Оның айтуынша, облыста 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларын есепке алғанда халықтың табиғи өсімі 47 917 адамды құраған. Осылайша, өткен жылға қарағанда 10,3 пайызға көбейіп отыр. 

"Биылғы жылдың тоғыз айында облыс көлемінде бала туу көрсеткіші 59 061 болды, осылайша республика көлемінде бірінші орынға көтерілдік. Ал құрылған отбасыларға келсек, биыл қыркүйек айына дейін 15 мыңнан астам жұп некеге тұрған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға кеміп отыр", — деді ол.

Бұдан бөлек, биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облысқа 19 800 адам қоныс аударған. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңірге Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны 2 есеге көбейсе, ТМД елдерінен келгендердің саны 21,9 пайызға өсіп отыр. Ал облыс ішіндегі көші-қон 78 514 адамды құрады. Ал облыстан қоныс аударғандардың саны 32 мыңнан асқан.


Кілт сөздер:
халық саны, Оңтүстік Қазақстан облысы
Загрузка...

Басты тақырып