Өңірлер

Алматыда сауда орталығында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

© Photo : "Уральская неделя"Антитеррорлық оқу-жаттығу
Антитеррорлық оқу-жаттығу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындарына сауда орталығы мен маңайында жүріс-тұрыс шектелетіні ескертілді

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Розыбақиев көшесінде орналасқан Mega Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу жүргізіледі, деп хабарлады Алматы қаласы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

Антитеррорлық оқу-жаттығулар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб Ақтөбе тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады

Қала тұрғындарына сауда орталығы мен маңайында оқу-жаттығулар жүріп жатқан кезде шектеу амалдары қолданылатыны ескертілген.

"Азаматтарды жүргізілген шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын ескеруге, қозғалыс бағдарын алдын-ала реттеуге, оқу-жаттығуды жүргізуге қатысушы мемлекеттік орган қызметкерлерінің талабын орындауға шақырамыз", — деп жедел штаб халыққа үндеу тастады.

Штаб ескертіп өткендей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлғаның талабын орындамаған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Жаңалықтар
0