Өңірлер

Ақтөбедегі ХҚКО-да ер адам көз жұмды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем көлігі, архивтегі фото
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам ХҚКО ғимаратында есінен танып қалған

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. 59 жастағы азамат Ақтөбедегі Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тромбоэмболия салдарынан көз жұмды, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі. 

ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы маңында ХҚКО-да ер адам көз жұмды
Ведомствоның мәліметінше, ер адам №1 қалалық ХҚКО-да қайтыс болған. 20 қараша күні күндіз ол орталыққа мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу үшін келіп, оператордан талон алған. Бірнеше минуттан кейін оны өтінішін қарауға шақыртады, азамат оператордың үстеліне жетпей есінен танып қалған.   

Қызметкерлер реанимациялық автокөлікті шақыртып, дәрігерлер келгенше алғашқы медициналық көмекті көрсетуге әрекеттенген. 

"Он минуттың ішінде келген жедел жәрдем қызметкерлері азаматтың қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өлімге тромбоэмболия себеп болған ", — деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік корпорация марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.   


Жаңалықтар
0