03:49 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Күйеу жігіт

Қалыңдық берген өтінішті күйеу жігіт растауды ұмытып кетіп, екі жас некеге тұра алмады

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
563 0 0

Отау құруға бел буған қыз-жігіт үйленуден бір ай бұрын берген онлайн-өтінішті бір де бір рет тексермеген

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Некелесуге өтінішті қалай беру қажеттігін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы түсіндірді. 

Қостанайда жас жұбайлар заңды түрде некелесе алмаған. Некелесуге келгенде екі жас тізімде фамилияларының жоқ екенін көріпті, деп хабарлайды "Алау" басылымы.

ХҚКО арқылы берілген өтініштің неге жойылғанын "Азаматтарға арналған үкімет" өкілі  Sputnik Қазақстан тілшісіне түсіндірді.

Некелесуге бел байлаған азаматтар некені тіркеуге электронды үкімет порталы арқылы өтініш береді. Азаматтар мұны өз-өзіне қызмет көрсету секторында істей алады — Connection point. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, мемлекеттік бажды төлесеңіз болғаны. Өтініш некелесу жоспарланған күннен бір ай бір күн бұрын берілуі тиіс.

Электронды өтініш беріп, төлеу алгоритмі электронды үкімет сайтында егжей-тегжейлі түсіндірілген. Қысқаша айтып өтер болсақ: порталға тіркелген соң, некелесушілердің бірі өтінішті толтырады. Өтініште болашақ жарының ЖСН нөмірін көрсету керек, сосын орталық атқарушы органның тіркеу бөлімін  таңдап, өтінішке ЭСҚ қою қажет.  

Бір тараптан өтініш берілсе, екінші тарап өтініштің берілгендігін растауы тиіс. Өтінішті 48 сағат ішінде растау қажет, әйтпесе жойылады.

Тағы бір маңызды мәселе, өтініш беру сәтті аяқталса, қабылданғандығы туралы хабарлама келіп, некелесу күні мен орны көрсетіледі. Немесе "Өтініш қабылданбады" деп келеді. Бұл хабарлама бір күн ішінде жеке кабинетке жетуі тиіс.

Қостанайлықтардың жайына келер болсақ, күйеу жігіт өтінішті растамаған екен, бір ай бойы жұп тіркеудің статусын тексермей, қалыңдық таңдаған күні некелесуге келген.

Загрузка...

Басты тақырып