04:13 14 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.20
  • EUR420.34
  • RUB5.52
Қыз

Оралда сәбиін құрылыс басына тастап кеткен әйел жазаланды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
265 0 0

Жаңа туған нәрестені басын қауіпке тіккені үшін, сот әйел адамды айыпты деп танып, қоғамдық жұмысқа араластыру жазасына кесті

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Оралда жаңа туған сәбиін құрылыс аумағына тастап кеткен көкек ана жазаланды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы соты.

Биыл маусымда салынып жатқан үй маңынан күзетші жылаған сәбиді тауып алып, оны 21 жастағы анасы тастап кеткені анықталған болатын. Әйелдің айтуынша, қалада сәбилерін үйін таба алмай, нәрестені шұңқырға қалдырып кеткен.

Қазір бес айлық сәби балалар үйінде. Қорғаншылық органдарының рұқсатымен анасы мен әжесі барып тұрады. Әйел жаз кезінде тастап кеткісі келгенімен, қазір баласын қайтарып алуды көздейді.

Сот 21 жастағы әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартып, жаза ретінде 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа салды.

Загрузка...

Басты тақырыптар