04:40 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Қолына кісен салынған адам, архивтегі фо

Шымкентте алты адамды тақырға отырғызған алаяқ Астанада ұсталды

© AP Photo / Martin Mejia
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
300 0 0

27 жастағы жігіт жәбірленушілерді жұмысқа кіргіземін деп, әрқайсысынан 70 мың теңгеден алған

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні Астана қаласынан ұстады. Әл-Фараби полиция бөліміне Қазығұрт шағын ауданының тұрғындары арызданған. Олар таныс адамы Астанада құрылысқа жұмысқа орналастырып беремін деп ақшаларын алып, қашып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Otyrar.kz.  

Әл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті Астана қаласынан ұсталды. Ол Түркістан қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ұсталған жігіт жәбірленушілерді жұмысқа кіргіземін деп, әрқайсысынан 70 мың теңге алып, есепшотына аударуын сұраған. Тергеу барысында оның осындай 6 фактіге қатысы бары анықталды. Осылайша алаяқтық жолмен 500 мың теңге тапқан.

Аталған жайт негізінде қылмысты кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс тіркелді. Күдікті қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған орай полицейлер қала тұрғындарына жұмысқа орналастырамын немесе несие алып беремін деген басқа да алаяқтардың құрбаны болып қалмау үшін абай болуын ескертеді.  


Загрузка...

Басты тақырып