04:42 14 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.20
  • EUR420.34
  • RUB5.52
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото

Ақмола облысында ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті

© Sputnik / Павел Лисицын
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
236 0 0

Ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Ақмола облысында микроавтобус ішінде жылынбақ болған ер адам тірідей өртеніп кетті, хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 

ІІД мәліметіне сүйенсек, Степногорск қаласы ішкі істер басқармасына 27 қараша күні сағат 10.40-та жергілікті тұрғын хабарласып, автомобиль кооперативінде ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция аттанды.

"Гаражда тұрған "ГАЗель" көлігінің салонында осы көліктің жүргізушісі болып қызмет еткен 22 жастағы жігіттің денесі табылған. Бастапқы мәлімет бойынша, өлім себебі – иіс тию. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ дене мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалған", — делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ер адамның көлікте не үшін қалғанын тексеріп жатыр.  


Загрузка...

Басты тақырыптар