04:04 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
277 0 0

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 13 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Оралда сот 101 млн теңге пара алды деп айыпталған мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Нұрболат Урналиевке үкім шығарды, деп хабарлайды Уральская Неделя.  

Судья Ермаханов салық қызметкерін үш бап бойынша айыпты деп таныды – "пара алу", "алаяқтық" және "пара беруге арандату". Енді   Урналиев 13 жыл өмірін барынша қатаң тәртіптегі колонияда өткізеді.  

Сот үкімімен сотталушы пара ретінде алған 60 млн теңгені кәсіпкер  Александр Прокудинге қайтаруға міндеттелді. Урналиев алды деген 101 млн теңгенің қалған бөлігін сот дәлелдей алған жоқ. Сондай-ақ сотталушыдан процессуалдық шығындар үшін мемлекеттің пайдасына  600 мың теңге өндірілді. Сот қаулысымен Урналиевтің мүлкі тәркіленеді. 

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.  


Загрузка...

Басты тақырып