Өңірлер

Сағынтаев министрден өңірлерге дәрі жеткізу неге кешеуілдеп жатқанын сұрады

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуДәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Біртанов орталықтандырудың жаңа моделі заңдық тұрғыдан бекітілгендіктен, бірқатар құжат кеш қабылданғанын жеткізді

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан өңірлерге дәрі жеткізу неге кешеуілдеп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дәрі-дәрмектер, ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды

"Түркияда Ыстанбұл, Анкара немесе басқа елді мекен болсын, дәрі бағасы бірдей. Ал бізде бір қаланың өзінде түрлі дәріханаларда дәрі-дәрмек әртүрлі бағамен сатылады. ҮЕҰ деңгейінде осыған түзетулер енгізу қажет шығар мүмкін", — деді Сағынтаев. 

Премьер-министр жыл соңында бірқатар өңір дәрі-дәрмексіз қалатынын, министрлік мұның бәрін алдын ала жоспарлау керек екенін айтты. 

"Бірқатар өңір желтоқсан айында дәрісіз қалады, бұл өте жаман. Жыл басынан бастан мониторинг жүргізілуі тиіс еді. Қандай өңірлерде қандай дәрі-дәрмек жетіспейтінін алдын ала болжап, есептеу қажет еді. Бұл бағытта жұмысты күшейту керек. Желтоқсанда өңірлерге дәрі жеткізілетінін білеміз, ал биыл кешігіп жатырмыз. Мұның себебі неде?", — деп сұрады Сағынтаев министрден.

"Орталықтандырудың жаңа моделі заңдық тұрғыдан бекітілгендіктен, бірқатар құжат кеш қабылданды. Сондықтан осындай жағдай қалыптасты. Біз толығымен талдау жүргіздік. Конкурстан сатып алатындарымыз ғана қалды. Осыған байланысты сатып алуға өзгерістер енгізуді сұраймыз. Егер біз бұл шешімді қабылдасақ, дәрі жеткізумен проблема туындамайды", — деп сендірді Біртанов.

Жаңалықтар
0