Өңірлер

Шығыс Қазақстанда 34 жастағы әйел екі баласын пышақтап өлтірді

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем көлігі, архивтегі фото
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоғыз жасар қыз бен сегіз айлық сәби өз анасының қолынан қаза болды

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында әйел екі баласын өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсаған, деп жазды YK-news.kz.  

Биылғы жылдың 10 тамызы күні Катон-Қарағай ауданының Үлкен нарын ауылында жұмыстан келген жергілікті полицей үйінен әйелі мен екі баласының мәйітін тапқан.  

"Қылмыстық істі тергеу барысында 34 жастағы әйел өз балаларын пышақтап тастап, артынан өзіне қол жұмсағаны анықталды", — деп хабарлады ШҚО ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Торғаев.

Қазіргі таңда үш адамның қазасы бойынша қылмыстық іс тоқтатылған.   


Жаңалықтар
0