16:58 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Алматы көшесі

Алматы тұрғындары көлікті сақтандыру мен техпаспортсыз жүргізе алады

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
361 0 0

Енді жүргізушілер қала аумағында жеке куәліктен басқа құжаттарды бірге алып жүруге міндетті болмайды

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik.  Өткен аптада ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматы қаласында жұмыс сапарымен болды. Сапар аясында оған Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың ішкі істер органдарымен бірге Е-айыппұл жобасы қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басшысы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Содан кейін әкім әрбір жол полицейіне планшет сатып алуға қаржы бөлу жөнінде шешім қабылдады. Алматы планшетпен жабдықталатын Қазақстандағы алғашқы қала болатын секілді. Осы қалада жеке куәліктен басқа құжаттарды бірге алып жүруді міндеттейтін ережені алып тастап көреміз", — деп жазды Б.Мусин.

Оның айтуынша, Жұмағалиев Алматы аумағында техпаспорт, сақтандыру, техникалық байқау құжатын міндетті түрде алып жүруді тоқтату жөнінде тиісті тапсырма беріп үлгерген.

"Алайда жүргізуші куәлігі бойынша белгілі бір халықаралық талаптарға қайшы келіп жатырмыз, дегенмен оны да алып тастау жағын қарастырамыз", — деп түйіндеді комитет басшысы.


Басты тақырыптар