16:52 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Тұман

Елімізде сәрсенбі күні қар жауып, тұман түседі

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
174 0 0

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жел тұрып, боран соғуы ықтимал

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, Маңғыстау облысында ұйытқуы 23 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, Атырау облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде – тұман.

Басты тақырыптар