01:36 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Түрменің архивтегі фотосы

Қостанай колониясынан қашып шыққан тұтқын туралы тың ақпарат шықты

© Sputnik / Алексей Филиппов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
72001

Қамауда болған адам ілмекпен тоқылған бөрік пен былғары күрте киіп кеткен

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қостанай колониясынан қашып шыққан Руслан Юсубов тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

ІІД мәліметінше, 30 жастағы тұтқын қамалғанға дейін Денисов ауданының Некрасовка елді мекенінде тұрған.  

"Белгілері: бойы 167 см, дене бітімі орта, қой көзді, қара шашты. Қара былғары күрте, ілмекпен тоқылған бөрік, джинсы және қоңыр түсті аяқкиім киіп кеткен", — деп түсіндірді облыстық ІІД мамандары.  

Бұған дейін 27 қараша күні Юсубов ең төмен қауіпсіздіктегі мекемеден қашып кеткенін хабарлаған едік. Ол қоныс колониясында жазасын өтеуге төрт жылға бас бостандығынан айырылған.     


Басты тақырыптар